Құрметті клиенттер!
Қазақстан Халық Банкі Сіздерге «Телебанкинг» қызметін пайдалануды ұсынады.
Телебанкинг - бұл клиенттің банк шоттары бойынша ақпарат алу үшін телефон арқылы қашықтықтан қол жеткізу жүйесі.
2 590 -777 (Алматы қаласы үшін) немесе 8 8000 8000 59 (ҚР аумағы бойынша - тегін) телефондары арқылы қоңырау шалу арқылы автоматтық режимде тәулік бойы мына төмендегідей ақпарат алуға болады:
- валюталар бағамы туралы
- шоттағы /карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығы туралы
- шот /карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша жүргізілген соңғы 5 операция туралы
- несиелік берешек сомасының мөлшері туралы
- жинақ шотындағы ақша қалдығы туралы
- кезекті төлем сомасы туралы
сондай-ақ
- өзіңіздің электронды адресіңіз бойынша үзінді алуға
- төлем карточкасына оқшаулау қоюға
- Т-ДСН* ауыстыруға мүмкіндігіңіз болады.
Мұндағы көрсетілген операциялар тізімі түпкілікті емес, жүйенің дамытылу ретіне қарай «Телебанкинг» қызметінің түрлері толықтырылып отыратын болады.
«Телебанкинг» жүйесінің қызметтері үшін комиссия ұсталмайды.
«Телебанкинг» жүйесінің ақпараттық-банктік қызметін пайдалану үшін
- тональдық режимде жұмыс істейтін телефон
- е-mail электрондық почта адресі (шотыңыз бойынша үзінді алып отыру үшін) болу керек.
«Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану үшін Банктің Байланыс орталығына телефон шалып, тіркелу қажет: 2 590 -777 (Алматы қаласы үшін) немесе 8 8000 8000 59 (ҚР бойынша телефон шалу - тегін).
* Т-ДСН - жүйеде сәйкестендіруге арналған және клиент өзі белгілейтін сандық код.






