Алматы қаласы үшін
ҚР-ның басқа қалалары үшін

АҚША АУДАРЫМЫН ҚАЛАЙ ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ
1. «Операторға төлқұжатыңызды (немесе жеке басыңызды куәландыратын құжатты), Салық төлеушінің тіркелу нөмірін (СТН) беріп, алушының толық аты-жөнін, ақшаны алатын елді, жіберілетін соманы айтыңыз».
2. «Оператор аударымды жөнелту тарифін растағаннан кейін аударылатын сома мен аударым үшін төленетін ақыны беріңіз».
3. Оператор аударым туралы ақпаратты жүйеге енгізеді. Оператор Сізге қол қою үшін Бақылау нөмірі жоқ, бірақ сіздің берген ақпаратыңызға сай мәліметтер егжей-тегжей енгізілген, ақша аударудың алдын ала түбіртегін береді. Барлығын мұқият қарап шығып, қол қойып, операторға қайтарып беріңіз».
4. «Оператор жүйеде аударымды жіберіп, Сізге өзінің қойған қолымен және банктің мөрімен расталған ақша аудырымының (MTCN) бақылау нөмірі бар түпкілікті түбіртегін береді».
5. Алушыңызға қоңырау шалып, аударым сомасын, аударымды жіберетін ел мен қаланы хабарлаңыз. Сондай-ақ 10 таңбалы бақылау нөмірін (MTCN) де айтыңыз.
АҚША АУДАРЫМЫН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
1. Операторға төлқұжатыңызды (немесе жеке басыңызды куәландыратын құжатты), Салық төлеушінің тіркелу нөмірін (СТН) беріп, жіберушінің толық аты-жөнін, төлем валютасындағы аударым сомасын, жіберілген елді және аударымның 10 таңбалы бақылау нөмірін (MTCN) айтыңыз.
2. Оператор деректерді жүйеге кіргізіп, Сізге ақша аударымы мен бланк көшірмесін береді.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Алушы аударымды алғаны үшін комиссия төлемейді.
Бұл сенімді
Миллиондаған адамдар, егер күтпеген жағдайларда оларға отбасыларына көмек көрсету немесе саяхатшыларды құтқару қажет болса, Вестерн Юнион компаниясына сенім артады. Әр аударым қауіпсіздіктің әлемдік деңгейдегі ең озық жүйесімен қорғалып және аударымды тез табуға, оның мәртебесін тексеруге мүмкіндік беретін ақша аударымының Бақылау нөмірімен (MTCN) жабдықталған.
Бұл өте жылдам
Аударымды ақша жіберілген соң бірер минуттан кейін* алуға болады. Вестерн Юнион компаниясы әлемнің 200-ден астам елінде және аумағында ақша аудырымдарын тез төлеуге мүмкіндік беретін жаңа электронды технологиялар мен өзінің бірегей компьютерлік желісін қолданады.
Ыңғайлы
Сізге банктен шот ашудың қажеті жоқ, себебі ақша аударымын Вестерн Юнионның бүкіл әлем бойынша 500 000-нан** астам қызмет көрсететін орындарының кез келгенінен жіберуіңізге және алуыңызға болады. Қызмет көрсететін орындардың көпшілігі сіз үшін ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
* Қызмет көрсететін орынның жұмыс кестесі мен сағаттық белдеу аралығындағы айырмашылығын ескеру қажет.
** Кейбір елдерде ақша аударымын төлеу қызметі ғана көрсетіледі, бұл елдерде ақша аударымдарын жөнелту қызметі көрсетілмейді.
www.myhalyk.kz
Карточкаларыңыз бен шоттарыңызды басқарудың счетами, қаржылық төлемдер жүргізудің және қызметтерге ақы төлеудің оңай әрі ыңғайлы құралы.
ib.halykbank.kz
Қолма қол ақшасыз төлем жүргізетін, өз банк шоттарын басқаруға арналған қашықтықта қол жеткізерлік және нақты уақыт режиміндегі автоматты жүйе
барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы