Visa to Visa - 24/7

Бұл аталған қызмет түрі кез келген халықаралық немесе қазақстандық банк шығарған VISA төлем жүйесі  карточкасының біреуінен екінші бір VISA карточкасына қолма-қол ақшасыз қаржы аудару операциясын жүргізуге мүмкіндік береді. Ақша аударуды Халық банкінің кез келген банкоматынан немесе мобильдік телефон арқылы жүзеге асыруға болады.

Қызметтің басымдықтары

  • Ақшаны өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта, тәулік бойы, аптаның әрбір күнінде (демалыссыз және мереке күндерсіз) аударуға болады;
  • Қызметті Халық Банкінің кез келген банкоматынан, алдын ала ресімдеусіз пайдалана беруге болады немесе мобильдік телефон арқылы пайдалана аласыз;
  • VISA халықаралық төлем жүйесі шеңберінде аударым жасау аумағына шек қойылмайды;
  • Операцияны жүргізу тарифтері айтарлықтай үнемді;
  • Аударымды бірнеше валюта түрлерімен жүргізуге болады (KZT – Қазақстандық теңге, USD – АҚШ доллары, EUR – евро, RUR – Ресей рублі, KGS – қырғыз сомы)
  • Ақша қаражатын аудару үшін  тек ақша алушының карточка нөмірін білсеңіз жеткілікті;
  • Ақшаны алу  үшін аударымды жөнелтушінің ешқандай деректемесін анықтау қажет емес.

 

Ақшаның карточкаға есепке алыну уақыты

  • Халық Банкінің карточкаларына есепке алу - 3 сағаттың ішінде;
  • Басқа банктердің карточкаларына аударым сол күні бірден жүргізіледі, ақшаны карточкаға есепке алу уақытын карточканы шығарушы банк 3 жұмыс күні деп белгілеген;
  • Клиенттің аударым операциясының режимі - тәулік бойы жүргізуге болады.

 

Ақша аудару үшін ұсталатын комиссиялық

Аударым жасағанда ұсталатын комиссиялық алым (тарифтер) ақшаның жіберілу бағытына қарай әртүрлі болады.

Комиссиялық  алым ақша жөнелтуші жақтың шотынан ұсталады.

Contact Center:

2 590 777 (Алматы қ. үшін) 
8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін)

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group