Экспресс-аударымдар

Бұл қызмет Қазақстан аумағында жеке тұлғалар арасында ақша жөнелтуді және қабылдауды қарапайым рәсіммен, шот ашпай-ақ жүргізуді қарастырады. 

Экспресс аударымдар жүйесі арқылы Қазақстанның барлық қалаларында дерлік орналасқан 102 филиал мен есеп айырысу-касса орталығында ақша (теңгемен) жөнелтуге немесе ақша алуға болады.  
Экспресс-аударымдар жүйесінің басты артықшылықтары:

  • ақшаны жөнелту немесе алу рәсімі қарапайым (ақша жөнелтушінің жеке куәлігі мен СТН-і болуы  қажет, ал ақша алушының қолында жеке куәлігі болса жеткілікті);
  • ақша қаражатының толық сақталуына кепілдік беріледі;
  • жөнелтілген ақшаны кейін қайтарып алуға мүмкіндік беріледі;
  • операция өте жоғары жылдамдықпен жүргізіледі (5-10 минут);
  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша  барынша төмен тарифтер қарастырылған: 3%-ы, min 300 теңге, max 60 000 теңге;
  • ақша алушыға арналған 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама түріндегі қосымша қызмет көрсетіледі;
  • ақша қаражатын  шексіз сомада және оның қайдан алынғанын растайтын құжатсыз аудару мүмкіндігі;
  • ақшаны өз атыңызға да аударуыңызға болады, яғни ақша жөнелтуші мен ақша алушы бір адам болуы мүмкін (мәселен, Қазақстан аумағы бойынша  теңгемен қолма-қол түрде  мол ақша тасымалдау қажеттілігі туындаса);
  • аударымдар күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа күндері) Алматы уақытымен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін аталған қызмет түріне қосылған филиалдарда қабылданады және беріледі;
  • аударым сомасы шектелмейді.

Экспресс-аударым  қызметтері қандай жағдайда ерекше қажет болады?

 

  • егер сізге туыс-туғандарыңызға, жақындарыңыз бен таныстарыңызға жедел қаржылай көмек көрсету қажет болса; 
  • оқуға және емделуге ақы төлеу үшін қажет болса;
  • жақындарыңыздың немесе  достарыңыздың ағымдағы және басқа да шығындарын төлеуге  ақша жіберу керек болса.

Contact Center:
• 2 590 777 (Алматы қаласы үшін)
• 8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін)

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group