Халық Банкі ұсынады:
Жалақысын Халық Банкі арқылы алатындар үшін:

Жалақы мөлшерінен 4 есеге дейінгі кредит лимиті мөлшерімен ПЛЮС КРЕДИТ кредит карточкасы!
«ПЛЮС КРЕДИТ» - бұл Visa Classic класты халықаралық кредиттік карточка, ол арқылы Сіз Қазақстанда да, әлемнің кез келген елінде де төлем жасай аласыз.
«ПЛЮС КРЕДИТ» карточкасы бойынша берілетін кредит жаңғыртылатын кредит болып табылады, яғни Сіз өтеген сома дереу қайтадан қол жетімді болады.
«ПЛЮС КРЕДИТ» –Плюстері көп:
+ қолма-қол ақша алуға шектеу жоқ.
+ Кредит лимитінің мөлшері – 100 000 теңгеден 1 000 000 тенгеге дейін .
+ Өтеудің жеңілдік кезеңі - 60 күнге дейін1.
+ Ең төменгі төлем сомасы – пайдаланылған кредит сомасынан 8% 2.
+ Комиссия алынбайтын қызметтердің қосымша кешені:
- сауда және қызмет көрсету өнеркәсіптерінде операциялар жүргізу;
- «Мобильді банкинг» қызметіне қосу;
- мобильді телефон көмегімен банк алдындағы берешек туралы ақпарат алу;
- мобильді телефонға карточка бойынша барлық операциялар мен авторизациялар туралы хабарламалар (оның ішінде өтелуі қажет берешек сомасы туралы) алу;
- электронды құрылғылар көмегімен (банкоматтар, банктік терминалдар, мобильді телефон, интернет-банкинг) шоттағы ақша қалдығы туралы ақпарат алу.
Қосымша талаптар:
- Карточканың әрекет ету мерзімі – 2 жыл.
- Кредит берілетін валюта – теңге.
- Жұмыс өтіліне қойылатын талап – кемінде 3 ай.
- Жалақы мөлшеріне қойылатын талап – кемінде 60 000 теңге.
- Қамтамасыз ету – болашақта түсетін ақша.
- Кредит карточкасынан кез келген ақша аударымдарын жасауға тыйым салынады.
- казино, ойын автоматтарының қызметі ақысын төлеуге тыйым салынады.
Кредит лимитін өтеу тәсілі:
- ақшаны ағымдағы шоттан банкомат/банктік терминал/интернет-банкинг/мобильді банкинг арқылы ағымдағы шотқа аудару;
- Банк бөлімшесі немесе банкомат/ Cash-in функциясы бар банктік терминал арқылы қолма-қол ақша енгізу;
- POS-терминал арқылы жеделдете толықтыру;
- Басқадай қолма-қол ақшасыз аудару.
«ПЛЮС КРЕДИТ» карточкасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
|
Бір жылда көрсетілетін қызмет үшін: |
|
|
Бірінші жылы |
1000 теңге |
|
2-нші және келесі жылдар үшін |
3250 теңге |
|
Қолма-қол ақшаны беру (кредит лимиті шегінде шектеусіз): |
|
|
Халық Банкінің және Банктің процессингтік қызметтерін пайдаланатын банктер (ККБ, АТФБанк, Темiрбанк, Цеснабанк, Еуразия Банкі, Kaspi Bank, Нұрбанк, RBS (Қазақстан), DeltaBank, Банк Позитив, Азия–Кредит Банк, Халык Банк Кыргызстан). желісінде. |
Соманың 3,8%, min 50 теңге |
|
Басқа банктер желісінде |
Соманың 3,8%, min 1000 тенге |
|
Банктік заемды пайдалану: |
|
|
Жеңілдік кезеңінде |
Банктік заем сомасынан жылдығы 0%. |
|
Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін |
Банктік заем сомасынан жылдығы 24% |
|
Банктік заемды өтеу мерзімін кешіктіргені үшін |
Мерзімі өткен берешек сомасынан жылдығы 36% |
|
Овердрафт жіберілгені үшін |
Овердрафт сомасынан жылдығы 36% |
Қалған тарифтер «Стандарт» өнімі бойынша ДСО және VIP-сервис орталықтары арқылы жеке тұлғаларға бөлшек қызмет көрсетудің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес. Банктің барлық комиссиялары (тарифтері) кредит лимитінің есебінен шығарылады (бір жылдық қызмет көрсетуді қоспағанда).
«ПЛЮС КРЕДИТ» карточкасының иемденушілері мына жерден жадынамамен таныса алады.
Кредитік карточкасы «ПЛЮС КРЕДИТ» бойынша кредит лимитінің мөлшерін Сіз калькулятормен санай аласыз.
«Плюс Кредит» карточкасын қалай алуға болады?
1. Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу.
2. Мынадай құжаттарды ұсыну керек:
- Жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;
- СТН;
- Соңғы алты айдағы зейнетақылық аударымдар туралы анықтама.
3. Карточка ашу туралы өтініш жазу.
4. Кредит бюросына сұрату жасалғаны үшін 2 000 теңге мөлшерінде комиссия төлеу.
1Егер Сіз ағымдағы айда кредитті пайдаланған болсаңыз және оны келесі күнтізбелік айдың соңғы жұмыс күніне дейін толық өтеген болсаңыз, кредитті пайдаланғаныңыз үшін сыйақы есептелмейді.
2 Төлемнің ең төменгі сомасы - өтеу кезеңінде төленуі тиіс, яғни келесі күнтізбелік айдың соңғы жұмыс күніне дейін төленуі тиіс ақша сомасы.
Сіз қосымша ақпаратты Халық Банкінің Contact Center (байланыс орталығына) өтініш жасап ала аласыз: 2 590 777 (Алматы қаласы үшін) 8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).






