«Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылу жолдары

"Мобильдік банкингке" қалай қосылуға болады
«Мобильдік банкинг» жүйесіне Халық банкінің кез келген төлем карточкасын (карточка тұрпаты мен валюта түріне қарамастан) иеленуші қосыла алады, алайда карточка иесі мұнымен қатар міндетті түрде қазақстандық ұялы байланыс қызметі операторларының біреуінің абоненті болып тіркелуі керек - «Алтел» АҚ (Dalacom және Password сауда белгілері), «Кар-Тел» ЖШС (K-mobile, Excess және Beeline),"GSM-Kazakhstan" ЖШС (K-cell және Activ), МТС (NEO). «Мобильдік банкинг» жүйесіне Халық банкінің банкоматы арқылы немесе банк кеңсесіне барып жолығу арқылы қосылуға болады.

Банкомат арқылы қосылу үшін:
  1. Ұялы телефоныңызға ақпарат түсіп отыруға тиіс карточкаңызды алып, Халық банкінің кез келген банкоматына барыңыз.
  2. Банкомат экранынан "Мобильдік банкинг" — "Мобильдік банкинг" жүйесінде тіркелу" деген қызмет түрлерін бірізділікпен таңдап аласыз да.
  3. Банктен сізге SMS-хабарламасы жіберіліп отыратын мобильдік телефон нөмірін және оператор кодын көрсетесіз.
  4. "Мобильдік банкинг" жүйесі қызметінің пакетін таңдап аласыз:

- Толық пакет -Банктен қызметке қосылғаны жөнінде хабарлама. Айлық абоненттік ақы төлеу қарастырылған.

- Толық емес пакет - сұрау боынша қызметті алу. Абоненттік төлем ескерілмеген.   

5. Чекті алыңыз.

Банк бөлімшесінен қосылу үшін:

  1. Өзіңіз тұратын жердегі Халық банкінің кез келген бөлімшесіне барып, «Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылуға өтініш беріңіз.
  2. Өтініш бергенде Банк менеджеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатты және "Мобильдік банкинг" жүйесіне қосылатын карточкаңызды (карточкаларыңызды) көрсетесіз.

«Мобильдік банкингке» қосылудың екі тәсілі бойынша да аталған қызмет түріне қосу екі банктік күн ішінде іске асырылады. Бұл жағдайда тек сіздің карточкаңыз бойынша берешегіңіз болмағаны жөн әрі ұялы телефон нөмірі дұрыс көрсетілуі керек.

 

«Мобильдік банкинг» қызметіне қосылу банкомат арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметке Банк кеңселері арқылы қосылу тек банкомат арқылы қосылу жүзеге аспаған жағдайда ғана жүргізіледі және оған арыз жазу қажет болады. Қызметке қосылғаннан кейін ұялы телефоныңызға SMS-хабары келіп түседі.

 
Банктен келіп түсетін SMS-хабарының мысалы: 

HalykBank: 
Registraciya 
v sisteme 
mobilnogo banka
vypolnena
uspesno 
VISA2124 ON;
ECMC3224 ON;
MAES2224 ON

Түсінік:
VISA2124 - карточка түрінің қысқаша атауы және карточка нөмірінің соңғы сандары. Әр карточкадан кейін жақшаның ішінде қызметтің оқшаулау белгісі қойылады: (ON) - «Мобильдік банкинг» қызметі қосылған (белсенді) дегенді білдіреді. 

«Мобильдік банкинг» қызметіне қосылу банкомат арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметке Банк кеңселері арқылы қосылу тек банкомат арқылы қосылу жүзеге аспаған жағдайда ғана жүргізіледі. Қызметке қосылғаннан кейін ұялы телефоныңызға SMS-хабары келіп түседі.

 
Банктен келіп түсетін SMS-хабарының мысалы: 

HalykBank: 
Registraciya 
v sisteme 
mobilnogo banka
vypolnena
uspesno 
VISA2124 ON;
ECMC3224 ON;
MAES2224 ON

Түсінік:
VISA2124 - карточка түрінің қысқаша атауы және карточка нөмірінің соңғы сандары. Әр карточкадан кейін жақшаның ішінде қызметтің оқшаулау белгісі қойылады: (ON) - «Мобильдік банкинг» қызметі қосылған (белсенді) дегенді білдіреді.

 



Назар аударыңыз! Бонус! "Мобильдік банкинг" қызметіне қосылған, карточка бойынша барлық операция туралы хабарлама алатын әрбір клиент алғашқы айда хабарламаны мүлдем тегін алып отырады! Толығырақ 

Қосымша мәлімет алу үшін әрі жақын жердегі Банк бөлімшесі туралы анықтап білу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін Клиенттерге қолдау жасау қызметіне - (727) 2590-373 немесе Call center қызметіне телефон соғуға болады - (727) 2590-777; 8-8000-8000-59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін).

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group