Android смартфондарына арналған «Halyk Bank» қосымшасы

«Halyk Bank» қосымшасы Халық Банкінің төлем карточкасы бойынша тәулік бойы төлем жүргізуге және ақша аударуға мүмкіндік береді. Мобильдік телефонның бұл аталған қосымшасы - Google Android OS платформасымен жұмыс істейтін смартфондар үшін Android Market қосымшаларының магазинінде көшіріп алуға ыңғайлы. 

Мүмкіндіктері:

Қосымшаның Android үшін ағымдағы нұсқасының мынадай мүмкіндіктері бар:

  •  ұялы телефон үшін ақы төлеу;
  • интернет-провайдерлерінің қызметі үшін ақы төлеу;
  • Халық Банкінің карточкалары арасында ақша аудару;
  • Виза төлем жүйесі карточкаларының арасында ақша аудару (Visa toVisa);
  • карточкадағы қол жетімді ақша балансын қарап шығу;
  • шағын үзінділерді қарап шығу.

 

Қосалқы мүмкіндіктері:

Сіздің әрдайым мынадай әрекеттер жасау мүмкіндігіңіз бар:

  • банк туралы ақпаратпен танысу;
  • қосымшадағы телефон арқылы банктің өкілдерімен  жедел байланысу;
  • қосымшадағы менюден карточкаңызды қосу /атын ауыстыру /жою;
  • қосымша арқылы орындалған операциялар нәтижесін қарап шығу;
  • төлемдер мен аударымдарды жылдам жүргізу үшін жеке-дара шаблондар жасау.

 

Төлемді алушы-ұйымдардың толық тізімін сайттан қашан да табуға болады.

«Halyk Bank» қосымшасын Android OS жүйесі үшін Android Market арқылы былайша көшіріп алуға болады:

1.  Android көмегімен басқарылатын мобильдік құрылғыңызды пайдалану арқылы (сілтеме тек мобильдік құрылғылар үшін берілген);

2. Android Market-тегі өзіңіздің аккаунтты пайдалану арқылы;

3. сілтемені алу үшін сондай-ақ  телефоныңызда орнатылған есептеуіш QR-кодтарының кез келген қосымшасын пайдалануыңызға болады.

QR        

       

 

 

 

 

 

 

Қосымшаны көшіріп алып, орнатқан соң, оны  әрекетке қосу керек. «Halyk Bank» қосымшасын әрекетке қосу жұмыс күндері, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін жүргізіледі, бұл үшін Банктің Байланыс орталығына мына телефондар арқылы хабарласу қажет:

2 590 777 (Алматы қ. үшін);

8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін).

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group