Интернет-банкинг

Халық Банкі  өз клиенттеріне  «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкингтің» іске қосылғандығы туралы қуанышпен хабарлайды.

Енді Сіз банктік операцияларды Интернет желісіне қосылған компьютер бар кез келген жерден іске асыра аласыз. 

«Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің сайтымен қосылыс жасау  SSL (Secure Socket Layer) технологиясын пайдалану арқылы,  https  хаттамасы бойынша іске асырылады, бұл клиентке бірден аутентификация жасауға  мүмкіндік береді  және серверде мәліметтер алмасуды рұқсатсыз ұстап қалуға жол бермейді немесе мәліметтің бұрмалануын толығымен болдырмайды.

 «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің қызметін пайдалану үшін:

  1. Қолыңызда Банктің әрекет етуші карточкасы болу керек.  
  2. «Мобильдік банкинг» жүйесін пайдаланушы болуыңыз керек.
  3. Интернет желісіне қосылған дербес компьютеріңіз болу керек.

Клиенттерді  жүйеде тіркеу және  оларға «Интернет-банкинг» қызметін ұсыну алыстан (қашықтықтан), Интернет желісінің қорғалған арнасы арқылы,  Банктің  https://www.myhalyk.kz  web-сайтында жүргізіледі. 

 

Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің үйретуші ролигі

Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің үйретуші ролигін көру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  1. Файлды сақтау
  2. Архивтен шығару
  3. Қолмен тізімдегі бағдарламаны таңдау
  4. Internet Explorer арқылы ашу
  5. Оқшауланған ішкі матриалдарға рұқсат беру
  6. Роликті бастау үшін активтендіру қажет - «Иә»

 

Жүйеде тіркелуді Клиент карточка нөмірі бойынша өзі дербес жүзеге асыруына болады, бұл  Клиентке мынадай мүмкіндіктер береді:

1) Төлемдер жүргізу:   

  • Коммуналдық төлемдер
  • Салық төлемдерін
  • Ұялы байланыс қызметі үшін төлем (Kcell, active, beeline, NEO)
  • Кабельдік теледидар қызметі үшін төлем жүргізу;

 

2) Халық банкінде ашылған өзінің кез келген ағымдағы шотынан басқа банк шотына ақша аудару;

3) Халық банкінде ашылған өзінің карточкалық шотынан басқа бір карточкалық немесе ағымдағы шотына ақша аудару;

4) өзінің VISA карточкалық шотынан кез келген басқа банкте ашылған VISA карточкалық шотына ақша аудару; 

5) Банкте ашылған ағымдағы, жинақ, несиелік шоттарының барлығын тәулік бойғы режимде көріп отыруға  қол жеткізу;

6) аталған банк шоттарындағы ақшаны, ақша қозғалысының мәртебесін және тарихын қадағалап отыру және шот бойынша үзінді алып отыру;

7) несиелік шоттары бойынша ағымдағы күнгі жағадайға сәйкес несиелік берешектің жай-күйі туралы үзінді құрастыру;

8) Банкте ашылған шоттарының арасында ақша аудару жүргізгенде қолма-қол ақшасыз валюта айырбастау жүргізу;

9) анықтамалық және өзге де қажетті ақпарат алып отыру;

10) Төлем карточкалары арқылы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на депозиттерді толықтыру және қарыздарды өтеу

   

Интернет-банкинг арқылы іске асырылатын операциялардың бұл тізбесі осымен тәмамдалмайды, жүйенің одан әрі дамытылу ретіне қарай Банк тізімді толықтырып отырады.

«Интернет-Банкинг» жүйесі арқылы аударым жасауға болатын ұйым-мекемелер тізімі.

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group