Маңызды ақпарат!

Құрметті клиент!

1. Сәйкестендіру нөмірлерін берудің қажеттігі туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлерді қоса, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) алу үшін тиісті органдарға өтінішпен баруы тиіс. Бұл ретте, жеке тұлғаларға – дара кәсіпкерлерге ЖСН беріледі.

Банктің барлық клиенттері – жеке және заңды тұлғалар – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде ЖСН немесе БСН бар екендігін растайтын құжатты деректер базасына енгізу үшін Банкке тапсырулары қажет.  

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Банктің деректер базасында клиенттің ЖСН-і/БСН-і болмаған жағдайда кез келген банктік операцияны жүргізу мүмкін болмайды!

Сұрақтар туындаған жағдайда қызмет көрсетілетін жер бойынша немесе келесі телефондар арқылы Банктің бөлімшесімен хабарласыңыз:   

2 590 777 (Алматы қаласы үшін)

8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша қоңырау соғу тегін)


2. 2010 жылдың 7 маусымда Сіздің банктік шоттарыңыздың нөмірі жарамсыз болып танылды

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес банктік шот нөмірін бірыңғай 20 таңбалық құрылымға көшіруге байланысты Сіздің банктік шотыңыздың (шоттарыңыздың) нөмірі жаңа нөмірге өзгертілуге тиіс болады. Банк шотының жаңа нөмірі 2010 жылдың 7 маусымынын бастап әрекет етеді.

Осыған байланысты банк шоты нөмірінің құрылымындағы өзгерісті тез арада ресімдеуді ұсынамыз.

Сізге берілген банк шотының жаңа нөмірі бойынша операция жүргізуді уақытында қайта жалғастыру мақсатында Банкке құжаттардың ағымдағы күнгі жағдай бойынша жасалған жаңа пакетін, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін әкеп өткізуді және Банктің құрылымдық бөлімшесіне келіп «Өз клиентіңді біл» анкетасын толтыруды сұраймыз.

 Қосымша ақпаратты Банктің Сізге қызмет көрсетуші құрылымдық бөлімшесінен алуға болады.

 

Назар аударыңыз!

Банктік жаңа деректемелерді алғаннан кейін бұларды аталған 20 таңбалық банк шотының нөміріне қосымша карточка ұстаушыларға хабарлауды ұмытпағаныңыз жөн.

Қосымша ақпаратты филиалдың Сізге қызмет көрсетуші операциялық бөлімшесінен немесе Халық Банкінің Байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады. Телефоны:

2 590 777 (Алматы қаласы үшін)

8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін).

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group