Алматы қаласы үшін
ҚР-ның басқа қалалары үшін
Кастодиан – клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу және олар бойынша құқықты растау, құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау міндеттемесін қабылдай отырып, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа қызметті іске асыратын кәсіби қатысушы.
Халық Банкі қазіргі уақытта қызмет атқарып жатқан банк-кастодиандардың ішінде алғашқылардың бірі болып кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алды және 1997 жылдан бастап өз клиенттеріне кастодиандық қызмет көрсетіп келеді.
Кастодианның клиенттері:
- зейнетақы қорлары;
- инвестициялық қорлар;
- басқа клиенттер (заңды және жеке тұлғалардың портфельдерін басқаратын брокерлер).
Заңнамалық актілермен белгіленген кастодиандық қызметті іске асыру мақсатында кастодиан:
1) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздарды номиналды ұстауды іске асырады;
2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа активтерді есепке алуды және сақтауды іске асырады;
3) кастодиандық қызмет көрсетуге жасалатын мәмілелер бойынша төлем агантінің функциясын орындайды;
4) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздардан және басқа активтерден табыс алады және оларды клиенттердің шоттарының есебіне алады;
5) меншік активтеріне қатысты клиенттердің активтерін жекелей сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;
6) клиенттердің шоттарын жүргізу және олардың бағалы қағаздары мен басқа активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген технологиясын сақтайды;
7) өз клиенттерінің активтерімен жасалатын мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін бақылауды, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржылық компанияның активтерін осы Ереженің 11-тармағында белгіленген тәртіппен орналастыруды (пайдалануды) іске асырады;
8) клиенттерге шоттарының жай-күйі туралы тұрақты негізде және бірінші рет талап етуі бойынша есептеме береді;
9) кастодианның ішкі есепке алу жүйесінде клиенттердің шоттарында орналасқан активтері туралы ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің және ақпаратты орталық депозитарийдің тапсыруымен клиенттерге береді;
10) уәкілетті орган сұрататын ақпаратты береді;
11) шартпен қарастырылған кастодиандық қыземетті көрсетеді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның халықаралық рынокта институттық аактивтермен және жеке инвесторлардың активтерімен тиімді жұмыс істеуі үшін, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуі үшін қызмет көрсету шарты бекітілген және кастодиандық шоттар шетелдік ғаламдық кастодианда ашылған.
Кастодиандық қызмет көрсететін бөлімше мамандарының іс жүзіндегі үлкен тәжірибелері, жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін биік дәрежедегі кәсіби дағдылары мен білімдері бар.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның кастодиандық қызмет рыногындағы стратегиясының негізгі айқындаушы аспектісі бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың активтерін сақтау мәселелерімен байланысты ықтимал болатын тәуекелдерін барынша қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша уақытында есептеулер жүргізу және оларға меншік құқығын растау болып табылады.
Байланыс телефоныдары: 2-590-365, 2-590-224, факс – 2-590-322
www.myhalyk.kz
Карточкаларыңыз бен шоттарыңызды басқарудың счетами, қаржылық төлемдер жүргізудің және қызметтерге ақы төлеудің оңай әрі ыңғайлы құралы.
ib.halykbank.kz
Қолма қол ақшасыз төлем жүргізетін, өз банк шоттарын басқаруға арналған қашықтықта қол жеткізерлік және нақты уақыт режиміндегі автоматты жүйе
барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы