«Зейнетақылық кредит» бағдарламасы

Кредиттің мақсаты:

Тұтынушылық мақсаттар.

Мақсатты топ:

Зейнетақысын  банктен алатын зейнеткерлер.

Бағдарламаның талаптары:

Кредит мерзімі -   2 жылға дейін.

Кредит берілетін валюта – теңге.

Кредит сомасы –  500 000 теңгеден 1000 000 теңгеге дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 22%.

Тиімді сыйақы мөлшерлемесі: теңгеде –   26,7%-дан бастап

Бастапқы жарна - қарастырылмаған.

Жасына қойылатын шектеу- өтеу сәтінде 70 жасқа толмаған болуы керек.

Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.

Кредит бойынша қамтамасыз ету:

  • кредит сомасы  500 000-ға дейін болғанда — жеке тұлғаның кепілдемесінсіз, болашақта түсетін зейнетақы кепілдігіне;
  • кредит сомасы 1000 000-ға дейін болғанда — жеке тұлғаның кепілдемесімен  (жалақылық жобаға қатысушының/зейнеткердің жасы өтеу сәтінде 70 жастан аспауы керек);

 

Зейнетақылық кредит алу үшін не істеу керек:

1. Халық Банкінің бөлімшесіне келіп, өтініш жасау;

2. Мынадай құжаттар пакетін тапсыру:

-  Жеке куәлік (бар болса кепілгердің де).

- СТН және ӘЖК (бар болса кепілгердің де).

- Зейнетақылық куәлік (бар болса кепілгердің де).

- Жеке тұлғаның кепілдігі (қажет болғанда).

- Зейнеткер емес кепілгердің қатысуымен - 1) кепілгердің соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (әрекет ету мерзімі заем берілген сәтте оны тіркеген күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс), 2) кепілгердің  жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын соңғы 6 айдағы үзінді немесе жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалар жөніндегі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес  жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғандығын растайтын құжат.

Назар аударыңыз! Кредит маманы қосымша құжаттарды талап етуге құқылы!

3. Белгіленген нысандағы өтінішке қол қою.

Кредитті өтеу автоматты түрде клиент ақшасын ағымдағы/карточкалар базасындағы ағымдағы шот есебінен шығару арқылы іске асырылады.

 

 

 

Contact Center:
2 590 777 (Алматы қаласы үшін) 
8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін)

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group