Астана қаласында жөндеу жұмыстарынан кейін ашылған Халық банкінің ірі дербес сервис орталығы туралы баспасөз релизі

22.02.2012

Пресс-релиз в формате PDF

Еліміздің бас қаласы Астанада Қазақстан Халық Банкінің республика бойынша  ірі дербес сервис орталығы (ДСО) жөндеу жұмыстарынан кейін клиенттер үшін есігін қайтадан айқара ашты.  Орталықтың ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, Ұлттық Банк орталық филиалының, Халық банкі басшылығының өкілдері, банк клиенттері мен қала тұрғындары қатысты. 

-   Халық банкі өз қызметтерінің республика өңірлерінде, әсіресе, ел астанасында кеңінен таралуына және одан әрі жетілдіріле түсуіне әрдайым көңіл бөледі. Ағымдағы жыл басынан бері біз Қостанайдағы облыстық филиалдың жаңа ғимаратын іске қосып үлгердік, енді міне, Астанада еліміз бойынша аса ірі Дербес сервис орталығын ашып отырмыз. Банктің өңірлік филиалдар желісін одан әрі дамыту және материалдық-техникалық базасын жетілдіру мақсатында алға қойылған міндеттерді шешу бағытында әрбір жаңадан ашылатын бөлімше немесе өкілдік арқылы біз клиенттерге қызмет көрсету сапасын барынша арттыруға тағы бір қадам жасайтындығымыз күмәнсіз,- деп атап өтті осы салтанатта сөйлеген сөзінде  Банк Басқармасы төрағасының орынбасары Марат Әлменов.

Күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта іске қосылып отырған бұл ДСО 50 жұмыс орнына арналған, аумағы 800 шаршы метрден асады. Орталықта жалпы саны 13 жекелеген кассалық терезе бар, оның үшеуі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың валюта айырбастау операцияларын жүргізуге арналған.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін дербес қызмет көрсету орталығы сенсорлық экранды «NemoQ» электрондық кезек жүйесімен жабдықталған. Тәулік бойы жұмыс істейтін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында екі банктік терминал және екі банкомат орналастырылған.

Әрбір клиентке дербес қызмет көрсету көзделетін бұл орталықта банк қызметтері мен өнімдерінің кең ауқымды түрін пайдалануға болады:

  • операциялық қызметтер (төлемдер жүргізу, салық төлеу, айыппұлдар төлеу, ақша аударымдарының барлық түрі, ақша-валюта айырбастау операциялары, зейнетақы беру);
  • кепілмен және кепілсіз кредит беру;
  • депозиттер ашу және төлем карточкалары бойынша операциялар. 

Сонымен қатар, клиенттер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында ДСО аумағында Сатылымнан кейінгі қызметтер орталығы және Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдігі де орналасқан. Жаңартылған ДСО қызметін ай сайын 50 мыңнан аса астаналық тұрғын пайдаланады деп болжанып отыр.

Бүгінгі күні  Халық банкінің Астана өңірлік филиалы бойынша 14 есеп айырысу-касса орталығы, 1 VIP-орталық және 6 ДСО (бұлар Астана қаласының 3 ауданын қамтиды) қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда, филиалдың түрлі бөлімшелерінде және қаладағы сауда-сервис орталықтарында 380-нен астам POS-терминал, 153 банкомат және 47 банктік терминал жұмыс істейді.

 

***

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттер саны мен республика аумағында кеңінен таралған филиалдар желісі бойынша еліміздің қаржы нарығындағы жетекші банк болып табылады. Әмбебап қаржылық топ ретінде дами отырып, Банк халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға және шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын (банктік қызметтер, зейнетақылық жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару қызметі) ұсынады. Халық Банкі сондай-ақ өзінің Ресейдегі, Грузиядағы және Қырғызстандағы еншілес құрылымдары арқылы да банктік операцияларды жүзеге асырады.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 

Баспасөз қызметі

тел. (727) 2 590 816, Ермек Қойшыбаев

 www.halykbank.kz

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еліміздің қаржы нарығындағы жетекші  қаржылық топ әрі бөлшек бизнес қызметін көрсетуші қазақстандық ірі банк болып табылады. Банк өзінің республика аумағы бойынша барынша кеңінен таралған филиалдық желісі арқылы  5,9 миллионға жуық жеке тұлғаға, 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне және 300-ге жуық ірі корпоративтік клиентке қызмет көрсетеді.  Қаржылық топ халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға және шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын (банктік қызметтер, зейнетақылық жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару қызметі) ұсынады. Халық Банкі сондай-ақ өзінің Ресейдегі, Грузиядағы және Қырғызстандағы еншілес құрылымдары арқылы да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group