Алматы қаласы үшін
ҚР-ның басқа қалалары үшін

Халық Банкінің еншілес ұйымдары туралы толығырақ ақпаратты Halyk Group қаржылық тобының сайтынан табуға болады
Халық Банкінің Halyk Group қаржылық тобы - кең ауқымды қаржылық қызмет көрсететін Қазақстандағы аса ірі әмбебап қаржылық топ. Сіздерге банктік қызметтер, зейнетақы қорының қызметі, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер, бөлшек бизнес пен корпоративтік секторда және шағын және орта бизнес саласында активтерді басқару қызметі ұсынамыз. Қаржы нарығының барлық сегментінде жұмыс істей отырып, Halyk Group тиісінше барлық сала бойынша тепе-тең өсімге бағдар жасайды.
Зейнетақылық активтер көлемі мен салымшыларының саны жағынан жетекші Қор болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 6 тамызда берген рұқсатына сәйкес «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ-н қайта ұйымдастыру жүргізіліп, оған «Қазақстан Халық Банкінің зейнетақы активтерін басқару компаниясы» (бұдан әрі - ЗАБК) ЖАҚ қосылды.
Қор өз салымшыларына халықаралық стандартқа сай қызмет көрсете отырып, олардың жинақ ақшасының сақталуын және шынайы өсімін қамтамасыз етеді.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 95,598% | 050000, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 96/98 | Зейнетақылық жарналарды жинақтау, есебін жүргізу | Арстанбекова Камиля Валерьевна |
Компания 1995 жылы мемлекеттік компания ретінде құрылды, 2001 жылы Компанияға жекешелендіру жүргізілді, акцияларының 100%-дық мемлекеттік пакетін түгелдей «АЛМЭКС «фирмасы» ЖШС сатып алды.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 99.75% | 050004, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 141 | Сақтандыру қызметі | Имангазин Сапаргали Нуранович |
«Халық-Лизинг» АҚ Қазақстан Республикасындағы алғашқы лизинг компаниясы болып табылады, заңды тұлға ретінде ҚР-ның Әділет министрлігінде 2000 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Компанияның жалғыз акционері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып отыр.
«Халық-Лизинг» АҚ айналысатын негізгі қызмет түрі - арнаулы техниканы, оның ішінде құрылысқа қажетті ауыр және өзге техниканы, жол жөндеу-құрылыс техникасын, өндірістік құрал-жабдықты, мұнай саласының, тау-кен өндірісінің техникасын, ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдығын, жүктер мен жолаушылар тасымалдау үшін коммерциялық көлік құралдарын сатып алу және қаржылық лизингке беру.
Қазақстан Республикасында бизнесті қаржыландыру бойынша мол тәжірибесі бар «Халық-Лизинг» АҚ түрлі бизнес-жобаларын жүзеге асыруда сенімді серіктес бола алады.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | 050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 98, 216-кеңсе | Лизинг қызметі | Каржаубаев Эрлан Хамитович |
«Halyk Finance» АҚ өзінің жалғыз акционері - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2004 жылғы 3 тамыздағы № 93 шешімі негізінде құрылды. Компанияның жарғылық капиталындағы Банктің үлесі 100 %-ды құрайды. Компания 2004 жылдың 10 қарашасында мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Компания бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысады.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл Фараби д-лы, 19/1, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 3 Б, 6 | Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет | Тулибергенов Еркебулан Муратович |
«Халық-Инкассация» ЖШС Банктің Директорлар кеңесінің 2005 жылғы 3 ақпандағы №16 шешімі негізінде құрылды. Компанияның жарғылық капиталындағы Банктің үлесі 100 %-ды құрайды. Компания ақша мен басқа да құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетеді.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | 050091, Алматы қ., Масанчи к-сі, 26, 103-каб. | Инкассаторлық қызмет көрсету | Толымбеков Саят Жаксыбергенович |
«Қазтелепорт» АҚ ҚР-ның Әділет министрлігінде, Алматы қ-да тіркелген, заңды тұлғаны жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында бастапқы мемлекеттік тіркеу туралы 1999 жылғы 10 қарашада № 29486-1910-АО куәлік берілген, одан кейін компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеу жүргізілді. «Қазтелепорт» АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы әрі акционері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: банктерге Қазақстан Республикасы аумағында телекоммуникациялық қызмет көрсету, төлем карточкасын пайдалану арқылы процессинг қызметін ұсыну.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | Алматы қ., Бұқар жырау, 23-үй | Телекоммуникациялық қызмет көрсету | Сердюков Анатолий Тихонович |
Халықаралық қаржы нарығынан сыртқы қарыздар тарту құралы ретінде 1998 жылы Нидерландыда арнайы құрылған HSBK (Europe) B.V. компаниясы.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | Schouwburgplein 30-34, 3012 CL Rotterdam, The Netherlands | Еврооблигация шығару және халықаралық қаржы рыноктарында орналастыру | Карабаев Даурен Сапаралиевич |
«Халық Банк Қырғызстан» ААҚ жарғылық капиталына инвестиция салуды Банк 28.09.2004 ж. жүзеге асырды. «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ жарғылық капиталындағы Банктің үлесі 100 %-ды құрайды. «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ Қырғыз Республикасының резиденті болып табылады және банк қызметімен айналысады.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | 720033, Бішкек қ., Фрунзе к-сі, 390 | Банк қызметі | Мамытова Кастору Касымбековна |
«НБК - Банк» ААҚ жарғылық капиталына инвестиция салу 15.04.2004 ж. жүзеге асырылды. «НБК - Банк» ААҚ Ресей Федерациясының резиденті болып табылады және банк қызметімен айналысады.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | РФ, Мәскеу қ., 115035, Садовническая жағалауы, д.69. | банктік қызмет | Гридин Виталий Юрьевич |
«Қазақстан Халық Банкінің «Халык Life» өмірді сақтандыру еншілес компаниясы» АҚ өз қызметін өмірді сақтандырудың 6 сыныбы бойынша жүзеге асырады.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | 050000 Алматы қ., Масанчи к-сі, 26 | Сақтандыру қызметі, өмірді сақтандыру | Камбетбаев Ерлан Булатович |
Қазақстан Халық Банкінің «Халық Банк - Грузия» АҚ еншілес ұйымы Грузия Республикасының резиденті болып табылады және банк қызметімен айналысады.
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 100% | Грузия, Тбилиси, 0171, Костава к-сі, 74 | Банк қызметі | Гегучадзе Николоз |
«Ұлттық процессинг орталығы» АҚ таратылу барысында. Таратылу комиссиясының төрайымы Ильясова А.М.
«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 16,67% | 480091, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 | ҚР қаржы жүйесін жетілдіру | Аханов Серик Ахметжанович |
«Қазақстан қор биржасы» АҚ
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 1,528% | 050091, Алматы қ., Достық д-лы, 291/3а | Қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру | Дамитов Кадыржан Кабдошевич |
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі»
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 0,82% | 050091. Алматы қ., Достық д-лы, 291/3 | Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымын ұйымдастыру | Капышев Бахытжан Хабдешевич |
«Бірінші кредиттік бюро» ЖШС
| Қатысу пайызы | Орналасқан жері | Қызметінің түрі | Бірінші басшының ТАӘ |
| 2,00% | 050059, г. Алматы, мкр. Самал-3, дом 25 | Қаржы нарығы инфрақұрылымын ұйымдастыру | Ахметов Актан Кабдыгалиевич |
www.myhalyk.kz
Карточкаларыңыз бен шоттарыңызды басқарудың счетами, қаржылық төлемдер жүргізудің және қызметтерге ақы төлеудің оңай әрі ыңғайлы құралы.
ib.halykbank.kz
Қолма қол ақшасыз төлем жүргізетін, өз банк шоттарын басқаруға арналған қашықтықта қол жеткізерлік және нақты уақыт режиміндегі автоматты жүйе
барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы