Мобильдік банкинг

Назарларыңызға  «Мобильдік банкинг» жүйеіс қызметтерін ұсынамыз. Мұндай қызмет түріне қосылу арқылы Сіз өз компанияңыздың (ұйымыңыздың) карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы ақша қозғалысы туралы хабардар болып отырасыз. Қызметкерлеріңіздің корпоративтік карточканы пайдалану арқылы жүргізетін операцияларының барлығын қадағалай аласыз және уақытында түзету жасап отыруыңызға болады.  


«Мобильдік банкинг»  дегеніміз не?

Бұл - ұялы телефоныңызға келіп түсетін SMS-хабарының көмегімен карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша  қаржы қозғалысына тәулік бойы бақылау жасау жүйесі.           

Қызмет көрсетудің мынадай нұсқалары бар:

  • Хабарлама жіберілмейтін қызмет пакеті (абоненттік төлемсіз)
  • Хабарлама жіберілетін қызмет пакеті (абоненттік төлеммен)  

«Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша заңды тұлғалар /жеке кәсіпкерлер үшін қызмет көрсетудің талаптары   


«Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылғаннан кейін пайдаланатын пакет түріне қарай Сіз:

  • тәуліктің кез келген уақытында, Банкке бармастан, мобильдік телефоннан SMS-хабарымен сұрату жіберу арқылы  карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың жай-күйі (ақша қаражатының қалдығы) туралы ақпарат аласыз;
  • Банктен жіберілетін SMS-хабарының көмегімен карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша жүргізілген әрбір операция немесе авторизация туралы автоматты түрде хабар алып отырасыз;
  • қажет болған жағдайда, тиісті SMS-хабарын жөнелту арқылы карточкаға оқшаулау қоюға болады;
  •  карточка қауіпсіздігін күшейте аласыз. 

 

Қосымша ыңғайлылықтар:

  • карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа есепке алынған ақша туралы хабарлама жасалады;
  • қаражат қалдығын анық білу овердрафт (карточка бойынша артық жұмсалатын ақша) үшін пайыз төлеуден құтылуға мүмкіндік береді;
  • рұқсат берілмеген кез келген транзакция туралы дереу хабар беріледі;
  • корпоративтік карточкасы бар  қызметкерлер жұмсайтын ақша шығынын бақылау мүмкіндігі.

 

Банк хабарламаны нақты уақыт режимінде жібереді. Кей жағдайда, мәселен, мобильдік телефонға уақытша қол жеткізу мүмкін болмағанда, SMS-хабарын алу кешіктірілуі мүмкін, бұл ұялы байланыс операторларының SMS-хабарын жөнелту ерекшеліктерімен байланысты. 

«Мобильдік банкинг» жүйесіне қалай қосылуға болады?   

Аталған жүйе қызметін Халық банкінің корпоративтік төлем карточкасын ұстаушы болып табылатын кез келген клиент пайдалана алады және бұл карточка тұрпатына немесе шот валютасына байланысты емес, тек Қазақстандағы  ұялы байланыс провайдерлерінің біреуіне абонент болып тіркелу қажет:

CDMA- операторы «АЛТЕЛ» АҚ (Dalacom, PAThWORD) және GSM-операторлары - «КарТел» (Beeline, К-mobile) компаниялары , «GSM Kazakhstan» ЖШС (K-Cell, Activ) және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (NEO) және Қырғызстанда (ОсОО «БиМоКом Лтд» (MegaCom)  және  ОсОО «SkyMobile»(Bitel, MobiCard)). 

«Мобильдік банкинг» қызметіне қосылуды компанияның (ұйымның) фирмалық бланкінде жазылған ресми хаты негізінде Банк филиалдарының  Карточкалық өнімдерді сату орталықтарында жүзеге асыруға болады. Жүйеге қосу 3 (үш) банктік күннің ішінде іске асырылады және бұл жөнінде Сізге тиісті SMS-хабарламасы жіберіледі. 

Қызметті іске (әрекет етуге) қосу

Клиентті «Мобильдік банкингке» қосуды іске асыру Банк кеңсесінде өтініш ресімделген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Мобильдік телефонға қосылу фактісі бойынша тиісінше  SMS-хабары жіберіледі.

Банктен жіберілетін SMS-хабарының мысалы:

HalykBank: 
Registraciya 
v sisteme 
“Mobile banking” 
vypolnena   uspesno

Карточкалық шоттағы  операциялар бойынша хабарлама

Карточкалық шоттан жүргізілген әрбір операциядан кейін (іссапарлар немесе өкілеттік шығындар үшін ақы төлеу, кеден төлемдерін жүргізу, POS-терминалдар арқылы есеп айырысу, банкоматтан қолма-қол ақша алу, т.б.) Сіз SMS-хабары түрінде  мынадай ақпарат аласыз:  

  • карточканың нөмірі (өнімнің қысқартылған атауы және карточка нөмірінің соңғы таңбалары түрінде, мәселен, VISA 1234);
  • карточкамен жасалған операцияның тұрпаты және нәтижесі;
  • операция сомасы;
  • операцияның жүргізілген жері;
  • операцияның орындалған уақыты. 

 

Банктен жіберілетін SMS-хабарының мысалы:

HalykBank;
VISA4550;
Popolnenie scheta; 
SUMMA: 60000.00 KZT; 
Жөнелтушінің  атауы

Карточкалық шоттағы қол жетімді ақшаға сұрату  

Карточкадағы қол жетімді ақша балансы туралы ақпарат алу үшін 8080 нөмірі бойынша мынадай пішімде (форматта) SMS-хабарын жөнелту қажет: 

01N...N,   мұндағы  "N...N" - сұратуды жөнелту үшін қажетті  карточка нөмірінің соңғы 4 саны.

01 және N…N көрсеткіштерінің арасы ашылып берілуі мүмкін.

01 орнына  мынадай таңбалар жиынтығы көрсетілуі мүмкін: БАЛАНС немесе BALANS

8080 нөміріне Сіздің жіберетін SMS-хабарламаңыздың мысалы:

01 1234

немесе

BALANS 1234

мұндағы  1234 - карточка нөмірінің соңғы 4 саны.

Банктен жауап ретінде Сіздің ұялы телефоныңызға карточкаңыздағы қол жетімді ақша сомасы туралы (шот жүргізілетін валютамен) SMS-хабары жіберіледі.

Банктен жіберілетін SMS-хабарының мысалы:

VISA1234;
DOSTUPNO: 
4555.00; KZT

Түсініктер:
VISA1234 – Сіздің карточкаңыздың қысқаша түрі (карточканың түрі  мен нөмірінің соңғы төрт саны көрсетілген);

"DOSTUPNO: ххх.хх":  карточкадағы қол жетімді ақша сомасы,  карточкалық шот валютасымен көрсетіледі. 

Төлем карточкасын оқшаулау

Төлем карточкасына оқашулау қою үшін 8080 нөмірі бойынша мынадай пішімде (форматта) SMS-хабарын жөнелтіңіз:

03N...N,   мұндағы  "N...N" - сұратуды жөнелту үшін қажетті  карточка нөмірінің соңғы 4 саны.

03 және N…N көрсеткіштерінің арасы ашылып берілуі мүмкін.

03 орнына  мынадай сөздер көрсетілуі мүмкін: БЛОКИРОВКА немесе BLOKIROVKA

8080 нөміріне Сіздің жіберетін SMS-хабарламаңыздың мысалы:

03 1234

немесе

BLOKIROVKA 1234

мұндағы  1234 - карточка нөмірінің соңғы 4 саны.

Сұрату өңделгеннен кейін Сіз SMS-хабарламасын аласыз

Банктен жіберілетін SMS-хабарының мысалы:

VISA 1234; 
karta zablokirovana

Тарифтер

Операцияның атауы

Тариф  мөлшері

Қосылу және қайта тіркелу 1

40 теңге

Ажырату1

0

Карточка шоты бойынша барлық операциялар мен авторизациялар туралы хабарлама 2

 Айына 350 теңге

Клиенттің сұратуы бойынша карточкадағы ақша қалдығы туралы ақпарат беру

40 теңге

Клиенттің сұратуы бойынша карточкадан жүргізілген соңғы 10 операция туралы ақпарат беру

60 теңге

Төлем карточкасын оқшаулау 3

0 теңге

Карточка бойынша «Мобильдік банкингке» оқшаулау қою/оқшаулауды бұзу

40 теңге

Клиенттің сұратуына сәйкес карточка бойынша берешек туралы ақпарат беру  

40 теңге

 

1  «Мобильдік банкинг» жүйесінде тіркелу (жүйеге қосылу), қайта тіркелу, жүйеден ажырату компанияның (ұйымның) фирмалық бланкінде жазылған ресми хаты негізінде  Банктің облыстық/өңірлік филиалдарының Карточкалық өнімдерді сату орталықтарында жүргізіледі.

2  Абоненттік төлемақы тек «Хабарламамен» деген қызмет пакетіне қосылған жағдайда ұсталады.

 Бұл жағдайда карточкаға уақытша оқшаулау қою мәртебесі беріледі. Карточкаға тұрақты түрде оқшаулау қою немесе оқшаулауды бұзу тек банктің стандартты тарифтері бойынша жүргізіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ Банктің өзіңізге жақын жердегі бөлімшесінің мекен-жайын анықтау үшін Байланыс орталығына мына нөмірлер бойынша телефон шалуға болады: (727) 2590-777; 8-8000-8000-59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін).

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group