Корпоративтік кредит беру

Корпоративтік клиенттерге кредит беру шеңберінде айналым капиталын қысқа мерзімді қаржыландыру, инвестициялық мақсаттарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру жүзеге асырылады. Заемшыларға банктік заемдар, овердрафттар, кепілдіктер және аккредитивтер секілді кең көлемді қаржылық құралдар түрін пайдалану мүмкіндігі беріледі.  Қаржыландыру лимиті  12 000 000 мен  400 000 000 АҚШ доллары аралығында.


Банк экономиканың барлық салаларындағы жобаларды қаржыландыруда мол тәжірибе жинақтаған. Банктің өз қаражаты есебінен де, шетелдік қаржылық институттардан тартылған қаражаттың есебінен де қаржыландыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие. Бұл ретте шетелдік кредит желілерінің қаражаты мынадай мақсаттарға беріледі:

  • жабдық жеткізуші елдердің экспорттық агенттіктерінің (ЭКА) сақтандыруы аясында жабдықтар жеткізілімін қаржыландыру;
  • коммерциялық мәмілелер бойынша, экспорттық және импорттық сауда  операцияларын қаржыландыру.         

Корпоративтік клиенттерге кредит беру артықшылықтары:

  • Кредиттік өтінімді жедел қарастыру;
  • Берілетін қаржыландырудың құны мен мерзіміне қатысты жеке көзқарас;
  • Астаналық және өңірлік компанияларды қаржыландыру;
  • Банктегі қызмет көрсетуді жетілдіре түсу үшін корпоративтік клиенттерге кешенді дербес қызмет көрсету қарастырылған.
  • Сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 7%  - 18%*. Сыйақы мөлшерлемелері мерзіміне, қаржыландыру валютасына, құрал түріне және жоба бойынша тәуекел деңгейіне байланысты әртүрлендірілген
  • Қаржыландыру мерзімі  1 айдан 7 жылға дейін

Кредиттік өтінімді қарастыруға қажетті құжаттардың стандартты топтамасы.

Сізді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бас кеңсесі мен филиалдарында күтеміз.

*Тиімді сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы  7,1% бен 19,6% аралығында.

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group