«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» - бұл қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге және өздерінің банк шоттарын қашықтықтан әрі нақты уақыт режимінде басқаруға арналған автоматтандырылған жүйе.
Бұл Сізге қандай мүмкіндіктер береді?
- Банкпен офистен шықпай-ақ қатынас жасау мүмкіндігі;
- Электрондық байланыс арналары бойынша шоттарды басқару тапсырмаларын беру мүмкіндігі;
- Сіздің бухгалтеріңіз жүргізетін операцияларды әлемнің кез келген бұрышынан бақылау әрі оларды жүргізуге рұқсат беру мүмкіндігі (IP-адресінің бар болған жағдайда);
- Валюта немесе жасалатын операция түріне қарамастан Сізге тиесілі банктегі барлық шоттармен жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Төлем тапсырмаларын жеткізуге шын мәнінде уақыт үнемделеді - кезекте тұру немесе жол бойындағы «тығындарда» тұрып қалу қаупі болмайды;
- Көлік шығынынан, құжатты қағазда басуға жұмсалатын шығыннан құтылуға болады;
- Қызметкерлер уақытын тиімді пайдалана алады.
Неліктен бұл қызмет банк офисінде көрсетілетін қызметтерге қарағанда тиімдірек?
Бизнеске қашықтықтан қызмет көрсетудің сенімді әрі қолайлы тәсілінің дәстүрлі банк қызметінен айқын артықшылықтары бар:
- Ыңғайлылық және қарапайымдылық – офистен шықпастан, әлемнің кез келген бұрышынан өз шоттарын басқару және банк операцияларын орындау мүмкіндігі;
- Ақпараттылық – Банктегі компанияның және еншілес ұйымдардың барлық шоттарының жай-күйі туралы мәліметті, басқа да қаржылық ақпаратты жедел алу мүмкіндігі;
- Жеделділік – алынған ақпарат негізінде шұғыл шешім қабылдау және нақты уақыт кезеңінде есеп айырысу мүмкіндігі;
- Үнемділік – банкке барғандағы материалдық шығынды, адам күші мен уақыт ресурсын үнемдеу;
- Тәуелсіздік – банктің жұмыс уақытына немесе жол жағдайына тәуелді болмау;
- Қауіпсіздік – өкілеттіктер мен төлем сомасына қарай берілетін ақпараттың криптографиялық қорғанысын және электрондық цифрлық қолдың (ЭЦҚ) көп деңгейлі жүйесін пайдалану.