Internet-Banking

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» - бұл қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге және өздерінің банк шоттарын қашықтықтан әрі нақты уақыт режимінде басқаруға арналған автоматтандырылған жүйе.

Бұл Сізге қандай мүмкіндіктер береді?

  • Банкпен офистен шықпай-ақ қатынас жасау мүмкіндігі;
  • Электрондық байланыс арналары бойынша шоттарды басқару тапсырмаларын беру мүмкіндігі;
  • Сіздің бухгалтеріңіз жүргізетін операцияларды әлемнің кез келген бұрышынан бақылау әрі оларды жүргізуге рұқсат беру мүмкіндігі (IP-адресінің бар болған жағдайда);
  • Валюта немесе жасалатын операция түріне қарамастан Сізге тиесілі банктегі барлық шоттармен жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Төлем тапсырмаларын жеткізуге шын мәнінде уақыт үнемделеді - кезекте тұру немесе жол бойындағы «тығындарда» тұрып қалу қаупі болмайды;
  • Көлік шығынынан, құжатты қағазда басуға жұмсалатын шығыннан құтылуға болады;
  • Қызметкерлер уақытын тиімді пайдалана алады.

Неліктен бұл қызмет банк офисінде көрсетілетін қызметтерге қарағанда тиімдірек?

Бизнеске қашықтықтан қызмет көрсетудің сенімді әрі қолайлы тәсілінің дәстүрлі банк қызметінен айқын артықшылықтары бар:

  1. Ыңғайлылық және қарапайымдылық – офистен шықпастан, әлемнің кез келген бұрышынан өз шоттарын басқару және банк операцияларын орындау мүмкіндігі;
  2. Ақпараттылық – Банктегі компанияның және еншілес ұйымдардың барлық шоттарының жай-күйі туралы мәліметті, басқа да қаржылық ақпаратты жедел алу мүмкіндігі;
  3. Жеделділік – алынған ақпарат негізінде шұғыл шешім қабылдау және нақты уақыт кезеңінде есеп айырысу мүмкіндігі;
  4. Үнемділік – банкке барғандағы материалдық шығынды, адам күші мен уақыт ресурсын үнемдеу;
  5. Тәуелсіздік – банктің жұмыс уақытына немесе жол жағдайына тәуелді болмау;
  6. Қауіпсіздік – өкілеттіктер мен төлем сомасына қарай берілетін ақпараттың криптографиялық қорғанысын және электрондық цифрлық қолдың (ЭЦҚ) көп деңгейлі жүйесін пайдалану.


Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group