HalykGroup электронды тендерлік алаңы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ өз қажеттілігі үшін материалдар мен құрал-жабдықтарды жеткізіп берушілер арасында үнемі конкурс өткізіп отырады. Halykgroup Электронды тендерлік алаңы (бұдан әрі - ЭТА) жүйесінің көмегімен нақты уақыт режимінде сауда-саттық конкурстарын өткізу тендерлік қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға әрі оңтайландыруға мүмкіндік береді. 

Аталған жүйе Банк үшін қажетті өнімдер мен қызметтерге тапсырыс алудан үміткер жеткізушілер арасынан білікті жеткізушіні іріктеп алуға арналған. 

Жүйенің негізгі өзегі сатып алулардың нормативтік-құқықтық ортасы шеңберінде кәсіпорындар мен ұйымдар – жүйені пайдаланушылар (жеткізушілер) құрастыратын ұсыныс туралы ақпарат негізінде өнімді, тауарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін өткізуді қамтамасыз ететін электронды тендерлік алаң болып табылады. (Суретті қараңыз). 

Жүйеде іріктеу шарасы бағалық ұсыныстардың электрондық мониторингі әдісімен іске асырылады - кері аукцион жүргізу арқылы жеткізушілер әрбір конкурстық лот бойынша барынша төмен баға ұсыну және тауарды жеткізудің неғұрлым оңтайлы әдісін ұсыну жөнінде сайысқа түседі. 

Бағалық мониторинг жеңімпазы болып ұсыныстары тендерлік құжаттамада көрсетілген талаптардың барлығына (бағасы, мерзімі, сапасы, төлем талаптары, кепілдемелік және сервистік міндеттемелері, басқа да бағаланатын көрсеткіштері бойынша) толығымен жауап бере алатын жеткізуші танылады. 

Бағалық ұсыныстар мониторингінің нәтижесі Тендерлік комиссияның жеткізушілер арасынан жеңімпазды таңдау бойынша тиісті шешім қабылдауы үшін негізгі көрсеткіш болып табылады. 

Аталған жүйе мына жағдайлар есебінен сатып алу процесінің тиімділігін айтарлықтай арттырады: 
• жүйеде тіркелген қызмет көрсетуші және құрал-жабдық пен материалдарды жеткізуші - Банк серіктестерінің аясын кеңейту:
• сатып алуға әзірлік жүргізу рәсімін жеңілдету; 
• барынша ойластырылған саудалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін сауданы басқару;
• конкурсқа қатысушының жүргізілетін сауда-саттықты нақты уақыт (on-line) режимінде бақылауы және қажет болғанда сауда барысындағы баға өзгерісіне қарай өтінімге түзету енгізу мүмкіндігі; 
• ұсынылатын тауарлар мен материалдарға, қызметтерді жеткізуге және олардың сапасына бірыңғай қатаң талаптар қою;
• жеткізушілер үшін бүркемесіз, ашық бәсекелестік орта жасау жеткізушілерге сауда-саттық жүргізілетін сәтте бәсекелестер көре алатын өтінімдердің анонимділігін қамтамасыз ете отырып, басқа жеткізушілер ұсынатын бағаларға бағдар жасауға мүмкінді береді. 

Жүйенің тағы бір артықшылығы - тендер ұйымдастыруға жұмсалатын уақыт пен шығын айтарлықтай үнемделеді. Сауда-саттық тендеріне жақын жерде орналасқан серіктестер ғана емес, алыстағылар да кедергісіз қатысуы үшін барынша ыңғайлы жағдай қарастырылған. 

Электронды тендерлік алаңға кіру үшін www.e-tender.kz

 

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group