Алматы қаласы үшін
ҚР-ның басқа қалалары үшін
«HALYK Бонус клубы» деген не?
- «HALYK Бонус клубы» - бұл «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жасаған бонус жинақтаудың бейілділік бағдарламасы.
Бағдарламаның мәні неде?
- Бағдарламаның мәні - HALYK Бонус клубының серіктесі болып табылатын Сауда және сервис кәсіпорындарында (ССК) сауда жасайтын Халық Банкінің төлем карточкаларын иеленуші клиенттерге бонус түрінде жинақталатын жеңілдіктер жасау.
Клиентке бұл жинақталған бонустарды HALYK Бонус клубының серіктесі болып табылатын сауда-сервис кәсіпорындарында пайдалану құқығы беріледі.
Бонус деген не?
- Бонус - клиент төлем карточкасымен сауда жасағанда Сауда-сервис кәсіпорнынан беріліп, кейінге жинақталатын және «бонустық әмиян» түріндегі бөлек бонустық шотқа аударылып отыратын жеңілдік. Жинақталған бонус сомасын клиент тек Бонус клубының серіктесі болып табылатын ССК-ның сауда желісінде ғана жұмсай алады.
Бонустың құны қандай?
- Бір бонус 1 (бір) теңгеге тең.
«Бонустық әмиян» деген не?
- «Бонустық әмиян» - Клиенттің Банктегі карточкалар базасындағы ағымдағы шотына қосымша ашылатын, бонустарды есепке алу үшін және бонусты ССК желісінде пайдалану арқылы жүргізілетін операциялар үшін есеп айырысу шоты.
Бонус клубы қалай жұмыс істейді?
- Бонус клубының серіктесі болып табылатын кез келген сауда және сервис кәсіпорнының қызметі үшін ақы төлегенде жеңілдік «бонустық әмиянға» бонус түрінде жинақталады. Бонустар кез келген тауардың толық төлемі ретінде немесе тауар /қызмет үшін толығымен немесе ішінара төлем ретінде пайдаланылуы мүмкін.
«HALYK Бонус клубының» жобасына қатысу үшін қандай төлем карточкалары жарамды?
- Бонус клубының бейілділік бағдарламасында Халық Банкі шығаратын төлем карточкаларының барлығы ескеріледі, бұларға тек корпоративтік төлем карточкалары, Virtuon және Present карточкалары қосылмайды (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес).
«HALYK Бонус клубына» мүше болу үшін не істеу керек?
- Бонус клубына мүшелікке кіру үшін қолыңызда Халық Банкінің әрекет етуші төлем карточкасы болу керек (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес), «бонустық әмиян» автоматты түрде ашылады. «HALYK Бонус клубына» мүшелікке кіру үшін Клиент жасалған сауда үшін кассада ақы төлеуден бұрын бонус алуға және HALYK Бонус клубының ССК желісінде бонустарды пайдалану арқылы жүргізілетін операциялар бойынша есеп айырысуға Халық банкінің төлем карточкасын беруге келісімімен расталады.
«HALYK Бонус клубының» карточкасын қайдан алуға болады?
- HALYK Бонус клубының карточкасын сатып алудың қажеті жоқ. Халық банкінің төлем карточкасын (корпоративтік төлем карточкалары, Virtuon және Present карточкаларынан басқасы) иеленушілердің барлығы бейілділік бағдарламасына қатысушы болып табылады және HALYK Бонус клубына кіретін ССК желісінде сауда жасау арқылы бонус алып, бонустарын сонда жұмсай алады. Басқа банктердің төлем карточкасын иеленушілер аталған жобаға қатыса алмайды.
«HALYK Бонус клубының» бейілділік бағдарламасында қандай валютадағы төлем карточкалары қатыса алады?
- Тек теңгемен ашылған карточкалар.
Төлем карточкасымен есеп айырысу кезінде қанша бонус алуға болады?
- Бонустар - HALYK Бонус клубының серіктесі болып табылатын әрбір нақты сауда және сервис кәсіпорны таңдаған бейілділік бағдарламасына қарай Клиенттің қолма-қол ақшасыз жолмен ақы төлеу арқылы жасаған саудасы үшін оның төлем карточкасындағы «бонустар әмиянына» есепке алынып отырады.
Сатып алынған тауар үшін ішінара бонуспен есеп айырысуға бола ма?
- Иә, болады. Бонустың сомасын кез келген тауар үшін ақы төлеуге пайдалануға болады. Тауардың ақысын жартылай бонуспен, жартылай төлем карточкасы шотындағы ақшамен төлеуге де болады. Бонуспен есеп айырысу кезінде төлем сомасына бонус есептелмейді.
Бонусты қолма-қол ақшаға айналдыруға бола ма?
- Жоқ. Төлем карточкасындағы бонусты Клиент «HALYK Бонус клубының» серіктестері болып табылатын ССК желісінде жасалған сауда үшін ақы төлеуге ғана пайдалана алады.
Қандай тауарлар мен қызметтер үшін бонуспен ақы төлеуге болады?
- Бонуспен «HALYK Бонус клубының» серіктестері болып табылатын ССК желісінде сатып алынған кез келген тауар / көрсетілген қызмет үшін есеп айырысуға болады.
Бонусты қалай алуға болады?
- Бонус қолға берілмейді, «HALYK Бонус клубының» серіктестері болып табылатын ССК желісінде төлем карточкасымен сауда жасау (қызметті пайдалану) кезінде карточка иесінің «бонустық әмиянында» жинақталады.
Бонусты Бонус клубының серіктестері болып табылатын ССК желісінен тыс жерде айырбастауға бола ма?
- Жоқ. Бонустармен тек «HALYK Бонус клубының» серіктестері болып табылатын ССК желісінде жасалған сауда үшін ғана ақы төлей аласыз.
Банкоматтан қолма-қол ақша алу кезінде бонус есептеле ме?
- Жоқ. Бонус есептеу тек «HALYK Бонус клубының» серіктестері болып табылатын ССК желісінде сауда жасау немесе қызмет үшін ақы төлеу кезінде ғана жүргізіледі.
Интернет желісі арқылы сауда жасағанда бонус есептеле ме?
- Жоқ. Интернет арқылы жасалған сауда үшін бонус есептелмейді.
Төлем карточкасын шетелде жүріп пайдаланған кезде бонус есептеле ме?
- Жоқ, есептелмейді.
Жинақталған бонус мөлшері туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
- Карточкаңызда жинақталаған бонустар мөлшері туралы:
Егер карточканың әрекет мерзімі аяқталған болса, не істеу керек?
- Карточканың әрекет мерзімі аяқталғанда, жаңадан төлем карточкасы шығарылады. Төлем карточкасы ауыстырылған (қайта шығарылған) жағдайда «бонустық әмияндағы» бонус сомасының қалдығы сақталады.
Егер төлем карточкасы басқа тұрпаттағы карточкаға ауыстырылатын болса, жинақталған бонустар сақтала ма?
- Төлем карточкасының тұрпатын /түрін ауыстыру арқылы карточка қайта шығарылатын жағдайда, сондай-ақ Клиент төлем карточкасын пайдаланудан бас тартатын және шартты бұзу туралы өтініш беретін болса, бонустар қалдығы сақталмайды.
Егер Сіз бонусызды жоғалтқыңыз келмесе, төлем карточкасын пайдаланудан бас тарту туралы өтініш жазбастан бұрын бонус қалдығын «HALYK Бонус клубының» серіктесі болып табылатын кез келген ССК-да төлем ретінде жұмсауыңызға болады.
Егер карточкалық шотымды жабатын болсам, бонустармен не істей аламын?
- Карточкалық шот жабылатын жағдайда бонустар сақталмайды, сондықтан Сіз оларды «HALYK Бонус клубының» серіктестері болып табылатын кез келген ССК-да төлем карточкасын пайдаланудан бас тарту туралы өтініш жазбастан бұрын жұмсауыңыз керек.
«HALYK Бонус клубына» қатысушы серіктестер қанша?
- Серіктестер саны жаңа ұсыныстарға байланысты ұдайы толықтырылып отырады. Бонус клубына жаңадан қосылған серіктестер туралы ақпаратты Серіктестер тізімі атты айдардан білуге болады.
Қосымша сауалдар туындаған жағдайда жауапты қайдан алуға болады?
- Қосымша сауалдар бойынша жауап алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін Байланыс орталығына мына телефондар арқылы хабарласуға болады:
(727) 259 07 77 немесе 8-8000-8000-59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін).
www.myhalyk.kz
Карточкаларыңыз бен шоттарыңызды басқарудың счетами, қаржылық төлемдер жүргізудің және қызметтерге ақы төлеудің оңай әрі ыңғайлы құралы.
ib.halykbank.kz
Қолма қол ақшасыз төлем жүргізетін, өз банк шоттарын басқаруға арналған қашықтықта қол жеткізерлік және нақты уақыт режиміндегі автоматты жүйе
барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы