«Халық» тобының құндылықтары

Клиентке бейімділік

Топ өз  клиенттерінің сұраныстарын түсінуге тырысады және олардың өз мақсаттарына жетуіне және ол мақсаттардан да жоғары нәтижелерге жетуіне   көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарды қолдануға міндеттенеді. 

Сенімділік

Топ халықаралық құқықтың нормалары мен көпшілікке танылған қағидаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, бизнес жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, Топтың ішкі ережесі мен ережелерін мүлтіксіз сақтайды. Топ қызметтердің барлық салаларында бизнесті әрқашан мінсіз адал жүргізуге ұмтылады. Топ корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынады және өз қызметін акционерлер, клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін  іске асыруда  ең ашық саясат пен айқындылық қағидаттарын  ұстанады. Сенімділік - біздің ең құнды активіміз - Топтың іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы. 

Көшбасшылық

Топ нарықтың барлық сегменттерінде клиенттің кез - келгеніне қызмет көрсетуде көшбасшылық орынға талпынады. Ұйымның барлық деңгейіндегі басшылар жұмысқа деген құлшынысымен және  жігерлігімен, өз ісіне берілгендігімен  үлгі болып келеді. Басшылар ұйымға бағыт береді, жаңа бастауларды қоштайды, Топтың өз жұмысын орындауына барынша қолғабыс көрсетеді. 

Әлеуметтік жауапкершілік

Халықтың сұраныстары мен мүдделеріне көңіл бөлу  - Топ  қызметінің негізгі қағидаттарының  бірі болып табылады. Топ қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосуға  және жауапты корпоративті ұйым болуға тырысады. 

Әділеттілік

Әріптестер арасындағы қатынастар өзара сыйластық пен көмек көрсету, ынтымақтастық, сенімділік және корпоративті ниеттестік негізінде құралған. Бүкіл Топ бойынша идеялармен, біліммен және тәжірибемен еркін алмасу қошталады  және қызметкерлердің тиімді командалық жұмысын, кәсіптік деңгейінің өсуін, уәжі мен әлеуметтік қорғалуын қолдайды. Мансапқа жету және танымалды болу, сыйақылы болу  - тек әділеттілік қағидаттарымен  негізделеді және Топтың табысына енгізген үлесі мен жеке қызметінің нәтижесіне байланысты болады. 

Біліктілік

Топ кәсіптік қызметтің ең жоғары стандарттарына, жаңа идеялар мен жаңалыққа  ашық ұмтылады. Негізгі міндет -  клиенттермен мықты да ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін,  клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды сапалы түрде,  дер кезінде және тиімді шарттармен  іске асыру.


Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group