Алматы қаласы үшін
ҚР-ның басқа қалалары үшін
«Global Finance» (http://www.GFmag.com) беделді халықаралық қаржылық басылымы Халық банкінің еншілес компаниясы «Halyk Finance» АҚ-н Қазақстандағы 2012 жылғы үздік инвестициялық банк деп таныды.
Халықаралық басылым сарапшыларының жыл сайынғы дәстүрлі зерттеулерінің нәтижесі бойынша «Halyk Finance» АҚ екінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік инвестициялық банк («Best Investment Bank in Kazakhstan 2012») марапатына ие болды және дүние жүзінің 2012 жылғы үздік инвестициялық банктері тізіміне енгізілді. Аталған тізім «Global Finance» журналының сәуір айындағы санында жарияланатын болады.
Жеңімпазды таңдау кезінде сарапшылар компанияның нарықтағы үлесі, жасалған мәмілелерінің саны мен жиынтық көлемі, клиенттерге қызмет көрсету және кеңес беру деңгейі, мәмілелерді құрылымдау (қайта қарау), ағымдағы нарықтық жағдайлар шеңберінде алға қойылған міндеттерді шешуге күш салу мүмкіндігі, сондай-ақ сату арналарының тиімділігі, инновациялық қабілеті, бағалы қағаздарды орналастыру кезінде баға белгілеу және мәміле аяқталғаннан кейінгі бағаның құбылу деңгейі мен компанияның нарықтағы беделі сияқты көрсеткіштерді ескерді.
- 2011 жыл халықаралық және отандық капитал нарығы үшін волатильдігімен ерекшеленген жыл болды. Эмитенттердің кейбіреуі үшін бұл нарық мүлдем жабылып қалғаны да рас, ал мәмілелердің бірқатары уақытында бекітілмей, кейінге қалдырылса, кейбір мәмілелерден мүлдем бас тарту да байқалды. Қаржы нарығындағы осындай күрделі жағдайға қарамастан, біздің компания отандық нарықта белсенді іс-әрекеттерін жалғастыра білді, сөйтіп өзінің Қазақстандағы үздік инвестициялық банк деген құрметті атағын сақтап қалды. Біз өз жетістіктеріміздің осы марапатпен шектелмейтіндігіне сенеміз. Клиенттеріміздің мүддесі үшін қаржылық қызмет сапасын одан әрі жетілдіріп, арттыра түсуді көздейміз, - деп атап өтті «Halyk Finance» АҚ Басқарма Төрағасы Еркебұлан Төлебергенов.
Айта кету керек, бұған дейін «Halyk Finance» АҚ 2011 жылы «Global Finance» журналының бағасы бойынша «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» («Best Investment Bank in Kazakhstan 2011»), ал 2010 жылы британдық танымал басылым - «EMEA Finance» берген бағаға сәйкес «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» («Best Investment Bank in Kazakhstan 2010») ретінде танылған болатын. Сонымен қатар «Қазақстан Қор биржасы» АҚ компанияны «2010 жылғы Үздік қаржылық консультант» деген номинация бойынша атап өткен.
* * *
«Halyk Finance» АҚ - инвестициялық-банктік қызметтердің толық жиынтығын ұсына алатын Қазақстандағы жетекші инвестициялық банк, атап айтқанда, қаржылық консалтинг және андеррайтинг (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру (акциялар және компанияларға қатысу үлесін сатып алу /сату бойынша M&A консультациялық қызметі) қызметін көрсетеді, сондай-ақ брокерлік қызметтер мен Қазақстан Қор биржасының сауда алаңында бағалы қағаздармен сауда жасау, маркет-мейкер қызметін, инвестициялық портфельді басқару, ұдайы түрде жүргізілетін аналитикалық (талдау) қызмет ұсынады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттерінің саны мен республикамыз бойынша кеңейтілген филиалдар желісі жағынан еліміздің қаржы нарығындағы жетекші банк болып табылады. Қазіргі уақытта Банк 13 еншілес компанияның басын біріктіретін «Halyk Group» әмбебап қаржылық тобының құрамына кіреді. Қаржылық топ компаниялары халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға және шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын (банктік қызметтер, зейнетақылық жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару қызметі) ұсынад., Халық Банкі сондай-ақ өзінің Ресейдегі, Грузиядағы және Қырғызстандағы еншілес құрылымдары арқылы да банктік операцияларды жүзеге асырады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на Moody’s Investor Service (Ba2), Fitch Ratings (BВ-) және Standard&Poor’s (BВ) халықаралық ірі рейтинг агенттіктерінен тиісті рейтингтер берілген.
***
«Global Finance» – таралымы 50 мың данадан асатын, дүние жүзінің 163 елінде оқырманы бар халықаралық қаржылық басылым.
«EMEA Finance» - Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Орта Шығыс және Африка елдеріндегі корпоративтік қаржы саласындағы маңызды оқиғалар мен жаңалықтар туралы хабарлап отыратын халықаралық журнал. Аталған басылымның мәліметі бойынша жыл сайын осы өңірлердегі рыноктарда жасалатын корпоративтік мәмілелер бойынша жетістіктер марапатталады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 590 816,
«Halyk Finance» АҚ
Охонов Фархад, Консалтинг және андеррайтинг басқармасының басшысы
Тел: +7 (727) 330 0152, www.halykfinance.kz
www.myhalyk.kz
Карточкаларыңыз бен шоттарыңызды басқарудың счетами, қаржылық төлемдер жүргізудің және қызметтерге ақы төлеудің оңай әрі ыңғайлы құралы.
ib.halykbank.kz
Қолма қол ақшасыз төлем жүргізетін, өз банк шоттарын басқаруға арналған қашықтықта қол жеткізерлік және нақты уақыт режиміндегі автоматты жүйе
барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы